«Анасының алтын күзгі жапырақтары» атты ертеңгіліктің мақсаты:
Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, күздің ерекшеліктері мен табиғаттағы өзгерістерді таныту.
Анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттырып, ананың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу. Балалардың ән айту, би билеу, тақпақ оқу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Эстетикалық талғамын қалыптастырып, сахна мәдениетіне баулу. Ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Басты мақсаты – бала жүрегіне анаға деген махаббатты ұялатып, алтын күздің әсемдігін сезіндіру, өнер арқылы қуаныш пен шаттыққа бөлеу! ❤️
